Accessibility links

Прокуратура: Шекара қызметінің офицері атылып өлді


Қазақстандық шекарашы (Көрнекі сурет).

Қазақстандық шекарашы (Көрнекі сурет).

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің "Шығыс" аймақтық басқармасының жедел кезекшілік бөлімінде аға лейтенант Д.А.Амантаевтың денесі табылды. Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, әскери қызметкердің денесі 23 ақпан күні күндіз табылған.

Алдын ала болжам бойынша, Амантаев "ПМ" тапаншасынан шеке тұсынан атылған оқтан мерт болған.

Қазір бұл оқиға бойынша алдын ала тергеу жұмыстар басталып, әскери қызметкер қазасының мән-жайы анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG