Accessibility links

Савченко соты жарыссөзінде адвокаттар сөйледі


Надежда Савченко сотта отыр. Донецк, 3 наурыз 2016 жыл.

Надежда Савченко сотта отыр. Донецк, 3 наурыз 2016 жыл.

Ресейдің Донецк қаласында Украина әскери ұшқышы Надежда Савченконың ісі бойынша өтіп жатқан сотта екі тарап соңғы жарыссөзге көшіп, адвокаттарға сөз берілді.

Савченконың өзіне де соңғы сөз берілуі мүмкін. Бүгін екі тараптың жарыссөзінен кейін сот үкімі де шығады деген болжам айтылды. 2 наурызда өткен сот отырысында прокурор Савченконы 23 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.

Украинаның шығысында ресейлік сеператистерге қарсы күрескен ерікті батальонның құрамында болған Надежда Савченко 2014 жылдың маусым айында ұсталған еді. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі өткен жылы қыркүйекте басталған. Ресей билігі Савченкоға 2014 жылдың жазында Украинаның шығысында қаза тапқан ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар және «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен» деген айыптар таққан. Тергеу мәліметі бойынша, журналистер қаза тапқан күні Савченко Луганск түбінде украиналық әскерилерге қай тұсқа оқ ату керегін айтып, бағыт-бағдар беріп отырған.

Ал Киев Савченконың үстінен қозғалған қылмыстың істің әдейі ұйымдастырылғанын мәлімдеп, оның әскери тұтқын екенін айтады.

Савченко журналистер қаза тапқан кезде ресейшіл сепаратистердің тұтқынында болғанын, кейін олар өзін ықтиярынан тыс Ресей аумағына алып өткенін айтып, айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG