Accessibility links

Австралия ирандық 9 мың босқынды қайтармақ ниетте


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф пен Австралия сыртқы істер министрі Джули Бишоп.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф пен Австралия сыртқы істер министрі Джули Бишоп.

Австралия мен Иран Австралиядағы 9 мыңға тарта ирандық мигрантты кері қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Австралиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы ел сыртқы істер министрі Джули Бишоп Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен Тегеранның Австралиядан босқын мәртебесін сұраған 9 мыңға тарта ирандықты кері қабылдап алу мәселесіне қатысты келіссөз өткізіп жатыр.

Жавад Зарифтің 15 наурызда Канберраға сапарында қол қойылады деп күтілген репатрация туралы келісім бойынша, Тегеран Австралияға елдеріне қайтарылған ирандықтар билік тарапынан қуғындалып, я жазаланбайтынына кепілдік береді. Келісімде Тынық мұхиты аралдарындағы Австралия қаржыландырылатын 400-ге тарта иммиграциялық орталықта тұратындарды да қайтару мәселесі қаралған.

Баспана сұрағандардың көбісі Австралияда тұрады. Австралияға барғандардың нақты қаншасы Иранға қайта алмайтын шынайы босқын екені белгісіз. Бірақ Австралия олардың көпшілігін босқын емес, жақсы жұмыс іздепкелген экономикалық мигранттар деп санайды.

Бұған дейін Австралияда баспана сұрап барға ирандықтарды қайта қоныстандырудан, ал Иран кері қабылдаудан бас тартып келген.

XS
SM
MD
LG