Accessibility links

Универсиаданы өткізу шығыны азайтылды


Алматыда универсиада үшін салынып жатқан үш мың орындық мұз айдын кешенінің макеті.

Алматыда универсиада үшін салынып жатқан үш мың орындық мұз айдын кешенінің макеті.

2017 жылы Алматыда өтетін универсиада шығындары бірнеше миллиард теңгеге азайтылды деп хабарлады Азаттыққа универсиаданың ұйымдастыру комитеті.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, универсиаданың ашылу және жабылу салтанатына кететін шығын 1,2 миллиард теңгеге қысқарады. Транспорттық шығындар 1 миллиард теңгеге, PR мен маркетингтің қаражаты 1,5 миллиард теңгеге азайған. Эстафета алауына кететін шығын 500 миллион теңгеге, тестілік жарыстардың шығыны 500 миллион теңгеге қысқарған.

Универсиаданы ұйымдастыру комитеті жарыстың операциялық бюджеті 17 миллиард теңгені құрайтынын мәлімдеді.

2014 жылы универсиаданың операциялық бюджеті 32 миллиард теңге екені хабарланған. 2015 жылы елдегі қаржылық дағдарыстан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев универсиаданы ұйымдастыру қаржысын қысқарту керектігін айтқан.

Алматыдағы қысқы универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG