Accessibility links

Назарбаев Павлодар облысына барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.

Жұмыс сапары барысында ол облыстағы бірнеше нысанды аралап, жұмысшылардың республикалық форумына қатысады.

Бір апта бұрын Назарбаев Батыс Қазақстан облысына арнайы сапармен барып, Қазақстан халқы ассамблеясының "Біздің күшіміз - бірлікте" деп аталатын республикалық форумына қатысқан.

Назарбаев басқаратын "Нұр Отан" партиясы 20 наурызда өтетін парламент сайлауына қатысады.

XS
SM
MD
LG