Accessibility links

Шымкентте асыл тұқымды қошқар көрмесі өтті


Шымкенттегі асыл тұқымды қошқарлар көрмесі. 18 наурыз 2016 жыл.
Шымкенттегі асыл тұқымды қошқарлар көрмесі. 18 наурыз 2016 жыл.

Шымкентте бүгін Қошқар Ата өзенінің бойында «Саиль Қошқар-Ата» көктем мерекесі өтіп жатыр. Алғаш рет ұйымдастырылып жатқан мерекеде асық ойыны, қошқар көтеру сияқты ұлттық ойындар өткізіліп, Оңтүстік Қазақстан облысынан әкелінген асыл тұқымды қошқарлар көрмесі өтті.

Қазылар алқасының мүшесі Намазбай Әбдіқұловтың Азаттыққа айтуынша, асыл тұқымды қойлар көрмесін ұйымдастырудағы мақсат - фермерлер еңбегін көрсету, қой шаруашылығымен айналысқысы келетіндердің осы саламен танысуына мүмкіндік беру. Көрмеге 10-нан астам асыл тұқымды қошқар әкелінген.

XS
SM
MD
LG