Accessibility links

Қырғыз оппозициясы Ошта митинг өткізбейді


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ақсы өңіріндегі шеру. 22 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ақсы өңіріндегі шеру. 22 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғыз оппозициясы 24 наурызда елдің оңтүстігіндегі Ош қаласында өтуі тиіс билікке қарсы шарадан бас тартты. Белсенділердің айтуынша, мұндай шешім қабылдауға қырғыз-өзбек шекарасындағы шиеленісті жағдай әсер еткен. Биліктің дерегінше, Ошта кеше тәртіпті сақтау үшін 3 мың полицей мен 2 мың ерікті жұмылдырылған.

Елдің мемлекеттік қауіпсіздік комитеті осы аптада интернетте тараған, бірнеше оппозицияшыл саясаткерге тиесілі делінген, "билікті басып алуды ақылдасқан" деп сипатталған екі аудиожазбаны сот сараптамасына салып, оның түпнұсқа екенін мәлімдеген. Онда аталған саясаткерлердің бірі Бектұр Асанов жазбаның интернетте таралуын "оппозицияны арандату амалы" деп бағалаған.

XS
SM
MD
LG