Accessibility links

Эрмитаж Пальмираны қалпына келтіруге қатыспақ ниетте


Фотограф Пальмирадағы атақты Салтанат қақпасының қираған бағаналарын оның бүтін күйдегі суретімен салыстырып тұр. Сирия, 31 наурыз 2016 жыл.
Фотограф Пальмирадағы атақты Салтанат қақпасының қираған бағаналарын оның бүтін күйдегі суретімен салыстырып тұр. Сирия, 31 наурыз 2016 жыл.

Санкт-Петербургтің Эрмитаж мұражайы Ресей президенті Владимир Путинге Сирияның соғыстан қираған тарихи қаласы Пальмираны қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға ұсыныс жасады.

Мұражай басшысы Михаил Петровский ТАСС агенттігіне Ресей ғылым академиясымен қаланы қалпына келтірудің жоспарын жасағанын айтқан. Ол Ресей Пальмираны қалпына келтіруге ЮНЕСКО басшысымен талқылаған Пальмираны халықаралық деңгейде қалпына келтіру жұмыстары аясында араласатынын жеткізген.

"Мен бұл әскери жанжалдардың өзі бірге жұмыс істесуге қол жеткізе алмайтын тамаша мүмкіндік деп санаймын. Бұл халықаралық ынтымақтастық үшін де әділ сынақ болмақ" деген Эрмитаж басшысы.

Сирия әскері өткен айда Ресей авиациясының қолдауымен бір жылға тарта уақыт "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының бақылауында тұрған Пальмираны қайтарып алған.

ИМ содырлары Пальмирадағы әйгілі тарихи ескерткіштердің көбін жарып, қиратқан. Содырлар бұған қоса қаладағы ежелгі жәдігерлерді қорғаумен айналысқан археолог ғалымды дарға асқан.

Петровский қираған ескерткіштерді "қайта жасауға" тырыспайтынын, дегенмен қирандылар орнында қалған ескерткіштердің сынықтарын қайта жинап, бұрынғы қалпына клетіруге тырысатынын айтқан. "Пальмира адамдар ерекше жақсы көретін, өз тарихында бастан өткерген қасіретке арналған және осы жерде көз жұмған мұражай мамандарына арналған ескерткіш болып қалуы тиіс" деген Петровский.

XS
SM
MD
LG