Accessibility links

Алматыға шұғыл қонған Лондон-Гонконг бағытындағы ұшақта қыз бала шетінеген


Алматы халықаралық әуежайы.
Алматы халықаралық әуежайы.

Лондон - Гонконг бағытымен жолаушылар апара жатқан Boeing 777 ұшағы бүгін таңертең Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Оған ұшақтағы жолаушының баласы – 4 айлық қыздың денсаулық жағдайы нашарлап кетуі себеп болған. Бірақ, дәрігерлер жеткенше нәресте шетінеп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, сәбидің ажалы жүрек дертінен болуы мүмкін.

Бұдан соң сапарын жалғастырып, Гонконгке аттанған ұшақпен сәбидің денесін ата-анасы бірге алып кеткен.

XS
SM
MD
LG