Accessibility links

RWB: Қазақстанда сөз бостандығы бұрынғыдай қысым көріп отыр


Reporters Without Borders ұйымының 2015 жылғы әлем елдеріндегі баспасөз еркіндігі рейтингіндегі Қазақстанның көрсеткішінен скриншот. 20 сәуір 2016 жыл.
Reporters Without Borders ұйымының 2015 жылғы әлем елдеріндегі баспасөз еркіндігі рейтингіндегі Қазақстанның көрсеткішінен скриншот. 20 сәуір 2016 жыл.

Қазақстанның әлем елдеріндегі баспасөз еркіндігі жөніндегі рейтингтегі орны биыл да өзгермеді. "Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders немесе RWB) халықаралық баспасөз еркін қорғау ұйымы жариялаған 2015 жылғы сөз бостандығының жай-күйі туралы есепте Қазақстан екінші жыл қатарынан 180 елдің ішінен 160 орында тұр.

Ұйым есебінде экономикалық дағдарыс пен жасының ұлғая түсуі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "паранойясы мен бақылау орнатуды көксеуін" күшейте түсті дейді. "Негізгі оппозициялық басылымдардың барлығы 2013 жылы жабылып қалды және кез-келген жаңа тәуелсіз басылым бірнеше ай ішінде жабылып отырды. Сот билігі қайсар журналистерді үнемі қудалайды, интернет мұқият бақыланады. Қазір бірнеше қатаң заң шенеуніктердің қалаған уақытында интернетті бұғаулап, алдын ала цензура орнатуына мүмкіндік беріп отыр" делінген ұйым есебінде.

RWB 2016 жылы әлемде баспасөз еркіндігі "қатты және қауіпті деңгейде" төмендеп кеткнін айтады.

Ұйым рейтингісінде баспасөз еркіндігі ең жоғары елдер тізімінде Финляндия, Нидерланд, Норвегия, Дания және Жаңа Зеландия, ал ең төменгі елдер тізімінде Қытай, Сирия, Түркіменстан, Солтүстік Корея және Эритрея тұр.

XS
SM
MD
LG