Accessibility links

Жерорта теңізінде 500 адам суға кетуі мүмкін


Жерорта теңізінде қайықпен келе жатқан мигранттар мен оларды құтқаруға жеткен кеме.
Жерорта теңізінде қайықпен келе жатқан мигранттар мен оларды құтқаруға жеткен кеме.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі өткен аптада Жерорта теңізінде апатқа ұшыраған кемеде болған 500-ге тарта қаза тапқан болуы мүмкін екенін хабарлады.

Кеме апатынан тірі қалғандарды 16 сәуір күні сауда кемесі құтқарған. Кеме апаты Ливия мен Италия арасында болған. Құтқарылған адамдар өздерінің Ливияның Тобрук қаласына жақын елді мекеннен контрабандистер қайығымен жолға шыққан 100-200 шақты адамның арасында болғанын айтады.

БҰҰ агенттігі адам таситын контрабандистер теңізді бірнеше сағат жүріп өткен соң қайықтағы жолаушыларды үлкен кемеге орналастырмақ болған дейді. Осы кезде кеме аударылып, суға батқан.

37 еркек, үш әйел мен үш жастағы бір бала құтқарылып, сауда кемесімен Грекияның Каламату қаласына жеткізілген. Құтқарылғандардың 23-і Сомали азаматы, 11-і эфиопиялық, алтауы египеттік бір Судан азаматы бар.

XS
SM
MD
LG