Accessibility links

Батыстың бес елі Қырымды аннексиялауды қабылдамады


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (солдан оңға қарай), АҚШ президенті Барак Обама, Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель және Италия премьер-министрі Маттео Ренци. Ганновер, 25 сәуір 2016 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (солдан оңға қарай), АҚШ президенті Барак Обама, Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель және Италия премьер-министрі Маттео Ренци. Ганновер, 25 сәуір 2016 жыл.

Батыстың жетекші бес елінің басшылары Ресейдің Қырымды аннексиялап, басып алу әрекетін қабылдамайтынын мәлімдеді. АҚШ президенті Барак Обама, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Франция президенті Франсуа Олланд, Италия премьер-министрі Маттео Ренция және Германия канцлері Ангела Меркель бұл туралы Ганновердегі Херренхаузен қамалында өткен кездесуден соң мәлімдеді.

Бес ел басшылары таратқан мәлімдемеде Ресеймен бұдан арғы қарым-қатынас Минск келісімінің толық орындалуына байланысты болатыны айтылған. Басшылар Ресейге қарсы санкция Минск келісімі толық орындалғанда ғана алынатынын айтады.

Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, саясаткерлер кездесуде күн тәртібінде тұрған трансатлантикалық мәселелерді талқылаған. Жетекшілер Еуропадағы заңсыз миграция күрделі проблемалар тудырады және оны кешенді түрде шешу керек деген тоқтам жасаған.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күрес жайын талқылаған басшылар Ирак пен Сириядағы терроризмге қарсы коалицияның жетістігін қолдап, экстремистік топты жою ісінде айнымайтынын білдірген.

XS
SM
MD
LG