Accessibility links

Назарбаев: Білім беруде тәжірибені мұқият екшеп енгізу керек


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясында білім беруде "жете ойластырылмаған тәжірибелердің" енгізілуіне жол беруге болмайтынын мәлімдеді. Ақорданың Twitter-дегі парақшасында Назарбаевтың "Мектеп мәселесі әрбір отбасыға қатысты, сондықтан мұнда барлық тараптардың ұстанымы тыңдалуы тиіс. Бұл жерде мұқият ойластырылмаған тәжірибелерді енгізуге болмайды" деп айтқаны хабарланды.

Білім және ғылым министрлігі осы айдың басында мектепте аптасына бес күндік оқу жүйесін енгізу және жазғы демалысты азайту жоспарын жариялаған. Министрлік бұл жоспарын Назарбаев парламенттің алғашқы сессиясында мектеп оқушыларына түсетін жүктемені азайту мәселесін зерттеуді тапсырған соң білдірген.

Бұған дейін адам құқығы жөніндегі уәкіл де "аптадағы оқу күнін азайту мәселесіне тыңғылықты қарауға" шақырған. Осы айдың ортасында уәкіл бес күндік оқу жүйесіне өтерде азаматтық қоғам мен балалардың пікірін тыңдаған жөн екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG