Accessibility links

Оралда "жер сатуға" қарсы митинг өткізуге өтініш берді


Азаматтық белсенділер митинг өткізуге өтініш беруді талқылау кезінде. Орал, 27 сәуір 2016 жыл.
Азаматтық белсенділер митинг өткізуге өтініш беруді талқылау кезінде. Орал, 27 сәуір 2016 жыл.

Оралда "Абырой" қоғамдық ұйымының бір топ белсендісі қалалық әкімдікке 21 мамырда қаланың орталық алаңында наразылық акциясын өткізуге рұқсат сұрап хат тапсырды. Белсенділер митингіде жер кодексіндегі өзгерістерге наразылықтарын білдірмек.

27 сәуірде Ақтөбе мен Семейде осындай митинг өткізуді талап еткен наразылық акциялары болған. 24 сәуірде Атырауда да "ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беруге және сатуға" қарсы митинг болған.

Қазақстанда 1 шілдеден бастап пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін аукцион арқылы жеке меншікке сату басталады. Жер кодексіне аукционға қазақстандық компанияда 50 пайыздан аспайтын үлесі бар шетелдік заңды тұлғалар да қатыса алатындай өзгерістер енгізілген. Бұдан өзге, жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі 25 жылға ұзартылмақ. Бұл өзгерістерге қарсылар жерді қытайлық фермерлер иеленіп кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG