Accessibility links

Мәскеу: Алеппода «тыныштық тәртібін» орнату жөнінде келіссөз жүріп жатыр


Алеппо, Сирия, 29 сәуір 2016 жыл.
Алеппо, Сирия, 29 сәуір 2016 жыл.

Ресей билігінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Сирияның Алеппо провинциясында қарулы шайқастарды тоқтату үшін уақытша «тыныштық тәртібін» орнату жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Сириядағы ресейлік бақылау орталығының жұмысына жауапты генерал Сергей Кураленко хабарлаған.

Бұған дейін 29 сәуірде кешке Сирия армиясы Латакия мен Дамаск маңында арнайы режим тәртібі енгізілгенін жариялаған. Бірақ Сирияның ең ірі қаласы – Алеппода ауыр шайқастар жалғасып жатқаны хабарланған еді. Армия басшылығы Дамаск аймағында әскери іс-қимылдар тағы бір тәулікке доғарылғаны туралы хабарды растағанымен Алеппо туралы ештеңе айтпаған.

XS
SM
MD
LG