Accessibility links

Германияда PEGIDA басшысына айыппұл салынды


PEGIDA жетекшісі Луц Бахманн
PEGIDA жетекшісі Луц Бахманн

Германия соты PEGIDA әсіре оңшыл ұйымының жетекшісі Луц Бахманға Facebook-те "мигранттарға қатысты жеккөрініштілік туғызғаны" үшін 9 мың 600 еуро айыппұл салды. Дрезденнің аудандық соты Бахманды мигранттарды "үй жануары" және "қоқыс" деп атағаны үшін айыпты деп тапты.

PEGIDA (неміс тіліндегі "Батыстың исламдануына қарсы патриот еуропалықтар" сөзінен шыққан) ұйымы мүшелері Дрезденде апта сайын митингілер өткізеді. Елдің өзге аймақтарында да осыған ұқсас, бірақ ықпалы әлсіз топтар пайда бола бастады. Бахманн өзіне қарсы сотты "саяси астары бар" және PEGIDA мен өзінің беделін түсіру үшін ұйымдастырылған деп санайды.

XS
SM
MD
LG