Accessibility links

Ақпарат және коммуникация министрлігі құрылмақ


Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда 1 мамыр мерекесіне арналған салтанатта сөйлеп тұр. 1 мамыр 2016 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда 1 мамыр мерекесіне арналған салтанатта сөйлеп тұр. 1 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды. Бұл туралы Назарбаев Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында айтты. Назарбаевтың сөзінше, аталған министрлікке кез-келген бұқаралық ақпарат құралы кеңістігіне, оның ішінде интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге өзекті мәселелерге жауап беру мақсатында мониторинг жасау міндеттері жүктелуі керек.

"Үкіметте ақпараттық саясат саласын ешкім бақыламайды, мемлекеттің ақпараттық жұмысқа бөлінетін қаржысы бақыланбайды. Қазіргі ақпараттық қауіп-қатердің алдын алып, бес реформаны тиімді түрде алып жүру үшін уәкілетті орган - ақпарат және коммуникация министрлігін қайта қалпына келтіріп, құруды тапсырамын" деді Назарбаев.

XS
SM
MD
LG