Accessibility links

Оралда тағы екі белсенді 15 күнге қамалды


Азаматтық белсенді Бауыржан Әліпқалиевты (сол жақ шеттегі адам) соттан қамау орнына әкетіп бара жатыр. Орал, 18 мамыр 2016 жыл.
Азаматтық белсенді Бауыржан Әліпқалиевты (сол жақ шеттегі адам) соттан қамау орнына әкетіп бара жатыр. Орал, 18 мамыр 2016 жыл.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімшілік сотының судьясы Қанат Махметов азаматтық белсенді Бауыржан Әліпқалиевты "бейбіт жиын, митинг, шеру, пикет өткізу тәртібін бұзғаны үшін" 15 күнге қамауға бұйырды. Белсенді 21 мамырда өтеді делінген митинг жайлы өзгелер жазған Facebook-жазбаларды өз парағына көшіріп басқаны үшін айыпты болған. Бауыржан Әліпқалиев бұған дейін 29 сәуірде Оралда жалғыз адамдық қарсылық акциясын өткізгені үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (42 420 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге тиіс болған.

Орал соты тағы бір азаматтық белсенді Айболат Бөкеновті де Facebook әлеуметтік желісіндегі митинг туралы жазбасына бола 15 күнге қамауға бұйырды.

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде тағы бір белсенді Исатай Өтепов те отыр. Бұған дейін жалғыз адамдық пикетке бола 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс болған белсендіге енді "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға тырысу" айыбы тағылған.

Жалпыхалықтық митинг өтеді делінген 21 мамыр қарсаңында ел бойынша он шақты адам 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамалды.

XS
SM
MD
LG