Accessibility links

ҰБТ-да 2 мыңнан астам түлек 50 балла жинай алмады


ҰБТ өтетін университет алдында тұрған түлектер мен олардың туыстары. Алматы, 2 маусым 2016 жыл.
ҰБТ өтетін университет алдында тұрған түлектер мен олардың туыстары. Алматы, 2 маусым 2016 жыл.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстанда 2 мың 277 түлек межелі 50 балды жинай алмаған. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2 маусымда 44 пункте өткен тестілеуге 17 мың 934 түлек қатысқан. Олардың 3 мың 800-ден астамы 100-ден көп балл алған. Өткен жылы ҰБТ-ның алғашқы күні 3 мың 400-ге тарта түлек 100-ден асрыып балл жинаған.

ҰБТ-ның алғашқы күні ең жоғарғы 125 балды Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мектеп-гимназиясын бітірген қыз бен №159 мектеп-гимназиясын бітірген екі қыз жинаған.

Биыл мектеп бітірген 121 мыңнан астам түлектің 87 мыңға жуығы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген

ҰБТ - мектеп бітірушілерге арналған әрі олардың Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуі үшін тапсыратын емтихан. Бұған дейін білім және ғылым министрлігі ҰБТ-да межелі 50 балл жинай алмаған түлектер тестті ақылы түрде екінші рет тапсыра алатынын мәлімдеген. Министрлік бұған қоса келесі оқу жылынан бастап мектеп бітіру емтиханы мен жоғары оқу орнына түсу емтиханын екі кезеңге бөлуді қарастырып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG