Accessibility links

Қырымда аттракцион салуға қарсылық акциясын күшпен таратты


Қырымда полиция қарсылық акциясына шыққандарды ұстап жатыр. 5 маусым 2016 жыл.
Қырымда полиция қарсылық акциясына шыққандарды ұстап жатыр. 5 маусым 2016 жыл.

Ресей аннексиялап алған Қырымда полиция жағажайда аттракциондар салуға қарсы жергілікті тұрғындардың наразылық акциясын қуып таратты. Наразылар аттракциондар теңізге шығуды шектейді дейді. Алушта қаласында жиналғандар арасында депутат Павел Степанчено да болды. "Рұқсат етілмеген митингіні" тоқтату талабына көнбеген Степанченко мен оны қолдаған он шақты адамды полиция ұстады.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, акцияға шыққандар сонымен қатар Ресейдің басқарушы "Единая Россия" партиясына да қарсы ұрандар айтып, құқық қорғау органдары қызметкерлерін "бандерашылар" деп атады. Ресейде, оның ішінде мемлекеттік БАҚ-та украин ұлтшылдарын "бандерашылар" деп атайтын. Кейін Степанченко босатылды. Акцияға қатысқан үш адамға рұқсат етілмеген жиынға қатысты және полицияға қарсылық танытты деген айыптар тағылды.

XS
SM
MD
LG