Accessibility links

Теракт жасаған қазақстандықтарды азаматтықтан айыруды ұсынды


Мәдениет және спорт министрлігі дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин.

Мәдениет және спорт министрлігі дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин.

Мәдениет және спорт министрлігі дін істері жөніндегі комитеті Қазақстан президентіне шетелдере террористік іс-қимылдарға қатысқан қазақстандықтарды азаматтықтан айыру туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы комитет төрағасы Ғалым Шойкин Астанада өткен "Эксперт" пікірталас клубының отырысында айтты.

Шойкиннің сөзінше, шетелде "террористік іс-қимылдарға қатысқан" қазақстандықтарды азаматтықтан айыру туралы ұсыныс Ақтөбедегі шабуылдардан соң жасалған. Ол қазір бұған қатысты шешім қабылданып жатқанын айтады.

Шойкин 2015 жылы желтоқсанда комитет өзге ел аумағында террористік әрекеттер жасағандарды азаматтықтан айыратын шетелдің тәжірибесін зерттеп жатқанын мәлімдеген.

Ақтөбеде 5 маусымда қарулы топ жасаған шабуыл мен оған күдіктілерді ұстау операциясы барысында осы күнге дейін ресми мәлімет бойынша 25 адам қаза тапты. Олардың жетеуі бейбіт тұрғын, 18-і - шабуыл жасады деген күдіктілер.

XS
SM
MD
LG