Accessibility links

Мәскеуде прокуратура оппозиция акциясын ұйымдастырушыларға ескерту жасады


Ресейлік академик Юрий Рыжов.
Ресейлік академик Юрий Рыжов.

Ресей астанасында 13 маусымда оппозициялық марш өткізуге өтініш білдіргендердің бірі академик Юрий Рыжовқа жұма күні прокуратура өкілі «экстремистік іс-әрекетке қатысқаны үшін жауапкершілік» туралы ескерткен. Бұл туралы Азаттықтың Орыс қызметі хабарлады.

Рыжов прокуратура акция өткізуге ниет білдірген өзге де белсенділерге, солардың арасында «Адам құқығы үшін» қозғалысы жетекшісі Лев Пономаревке де ескерту жасағанын айтқан.

Академиктің сөзінше, бұған дейін Ресейдің адам құқығы жөніндегі жаңадан тағайындалған уәкілі Татьяна Москалькова Пономаревке Мәскеудің орталығында қастандық құрбаны болған оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу акциясын өткізуге рұқсат берілетінін, бірақ қатысушылар шараға плакаттар мен ұран ұстап шықпауы және тек тротуармен ғана жүруі тиіс екенін ескерткен.

Алайда ресейлік азаматтық белсенділер Мәскеудегі Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл қою шарасынан бас тартпайтындарын айтып отыр.

Бұған дейін Мәскеу билігі қала бульварларында әлгіндей шараларды өткізуге тыйым салғандықтан, ұйымдастырушылар 13 маусымға белгіленген оппозициялық маршты Марьино ауданында өткізуден бас тартқан болатын.

XS
SM
MD
LG