Accessibility links

Флоридадағы гей-клубқа шабуылдан жиырмаға жуық адам өлген


Төтенше оқиға болған клубтың жанында тұрған полиция қызметкерлері. Флорида штаты, АҚШ. 12 маусым 2016 жыл.
Төтенше оқиға болған клубтың жанында тұрған полиция қызметкерлері. Флорида штаты, АҚШ. 12 маусым 2016 жыл.

АҚШ-тың Флорида штаты Орландо қаласындағы Pulse атты түнгі гей-клубқа жасалған қарулы шабуыл салдарынан, соңғы деректер бойынша, жиырмаға жуық адам қаза тауып, кемінде 42 адам жараланған. Бұл туралы жергілікті полиция басшысы Джон Мина мәлімдеген.

Бұған дейін түнгі клубта оқ атып, адамдарды кепілге алған белгісіз ер кіснің атып өлтірілгені туралы хабарланған. Баспасөз мәслихатында Минаның айтуынша, шабуыл жасаған адам мылтық және тапаншамен қаруланған, оған қоса ол беймәлім бір құрылғыны өзімен алып жүрген.

АҚШ федералдық тергеу бюросының (ФБР) өкілі Дэнни Бэнк жаппай кісі өлтіру оқиғасы теракт деп бағаланатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, полиция бұл шабуылдың ел ішіндегі жасалған қылмыс я халықаралық теракті екенін, шабуыл жасаған адамның сыбайластары болған не болмағанын анықтау үшін тергеу жүргізеді.

Түнгі клубтағы атыс жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат екінің шамасында басталған. Таңғы сағат бесте полиция күштері кепілдегі адамдарды құтқару операциясына кіріскен. Шара барысында құқық қызметкерлері қашықтан жарылыс жасаған.

XS
SM
MD
LG