Accessibility links

Сарыағаштан 30 отбасы Солтүстік Қазақстанға көшті

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан Солтүстік Қазақстанға көшіп бара жатқандар. 2 шілде 2016 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасыдан тұратын көш сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.

Сарыағаш қаласының тұрғыны 53 жастағы Айбөбі Дүйсенбі Солтүстік Қазақстан облысы Шоқан Уәлиханов ауданының Алқатерек ауылына қоныс аударып бара жатыр. Отбасындағы 5 адаммен үйсіз, жұмыссыз жүрген Айбөбі жаңа мекенде баспана мен жұмыс табылады деп үміттенеді.

– Бір ай бұрын балам Алқатеректің тыныс-тіршілігімен танысып келген. Ұлым – дәнекерлеуші, келінім – тәрбиеші, өзім – аспазшымын. Әкімдігі жұмыс тауып беруге уәде етті. Ол жақта үй бағасы да арзан екен. Көшуді ұйғардық, - дейді ол.

Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Шірінбек Ешанқұловтың Азаттыққа айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының Шоқан Уәлиханов және Ақжар аудандарына қоныс аударып бара жатқан 30 отбасындағы жандарға жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында квота бойынша қаржы бөлінеді.

– Мысалы, отағасына 105 мың теңге, ал отбасының әрбір мүшесіне 75 мың теңге шамасында қаржылай көмек беріледі. Бұл тек қана көшіп барғанда бір реттік берілетін көмек. Көшіп барғандар мүмкіндігінше баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етілетін болады, - дейді шенеунік.

Халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан аймағынан егін және мал шаруашылығын дамытуға жұмыс күшіне сұраныс бар елдің солтүстік өңіріне қоныс аудару басталғанына үшінші жыл.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, биыл жыл басынан бері Сарыағаш ауданынан 140 мүшесі бар 28 отбасы Солтүстік Қазақстанға көшіп кеткен.

Солтүстікке Сарыағаштан көшкендер туралы фотогалерея:

Солтүстікке Сарыағаштан шыққан көш

53 жастағы Айбөбі Дүйсенбі (сол жақта) Сарыағаштан Солтүстік Қазақстан облысының Шоқан Уәлиханов ауданына ұлы мен келіні және екі немересімен бірге көшіп барады. Сарыағаш, 2 шілде 2016 жыл.
1/11 53 жастағы Айбөбі Дүйсенбі (сол жақта) Сарыағаштан Солтүстік Қазақстан облысының Шоқан Уәлиханов ауданына ұлы мен келіні және екі немересімен бірге көшіп барады. Сарыағаш, 2 шілде 2016 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Айбөбінің дәнекерлеруші мамандығы бар ұлы осының алдында Шоқан Уәлиханов ауданының Алқатерек ауылына барып, жағдайымен танысып қайтқан. Жергілікті әкімдіктің жұмыс пен баспана табуға жәрдемдесетіні туралы уәдесін алған соң, үй-іші ақылдаса келе Солтүстік Қазақстанға көшуді ұйғарған.
2/11 Айбөбінің дәнекерлеруші мамандығы бар ұлы осының алдында Шоқан Уәлиханов ауданының Алқатерек ауылына барып, жағдайымен танысып қайтқан. Жергілікті әкімдіктің жұмыс пен баспана табуға жәрдемдесетіні туралы уәдесін алған соң, үй-іші ақылдаса келе Солтүстік Қазақстанға көшуді ұйғарған.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Айбөбінің келіні Айманның арнайы орта білімі бар, мамандығы - тәрибеші, бірақ Сарыағаш ауданында оған жұмыс табылмады.
3/11 Айбөбінің келіні Айманның арнайы орта білімі бар, мамандығы - тәрибеші, бірақ Сарыағаш ауданында оған жұмыс табылмады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Айбөбінің үлкен немересі өздері соңғы 5 жыл тұрған үйдің есігін жауып жатыр. Пәтер жалдауға қаржысы жоқ отбасы Айбөбінің інісінің осы шағын үйінде оның бала-шағасымен бірге тұрып келген еді.
4/11 Айбөбінің үлкен немересі өздері соңғы 5 жыл тұрған үйдің есігін жауып жатыр. Пәтер жалдауға қаржысы жоқ отбасы Айбөбінің інісінің осы шағын үйінде оның бала-шағасымен бірге тұрып келген еді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Сарыағаш ауданынан бұл жолы Солтүстік Қазақстан облысының Шоқан Уәлиханов және Ақжар аудандарына 30 отбасы көшті. Әр отбасында жас балалары бар. Жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныс аударған оларға арнайы квота бойынша қаржылай жәрдем берілмек. Көшіп бара жатқандардың көпшілігінің арнайы мамандығы жоқ, оңтүстікте өздеріне тұрақты жұмыс таба алмаған.
5/11 Сарыағаш ауданынан бұл жолы Солтүстік Қазақстан облысының Шоқан Уәлиханов және Ақжар аудандарына 30 отбасы көшті. Әр отбасында жас балалары бар. Жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныс аударған оларға арнайы квота бойынша қаржылай жәрдем берілмек. Көшіп бара жатқандардың көпшілігінің арнайы мамандығы жоқ, оңтүстікте өздеріне тұрақты жұмыс таба алмаған.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Сарыағаш ауданынан тұрақты жұмыс таба алмаған Айдар Назарбаевтың отбасы да Солтүстік Қазақстан облысына көшіп барады. Сарыағаш, 2 шілде 2016 жыл.
6/11 Сарыағаш ауданынан тұрақты жұмыс таба алмаған Айдар Назарбаевтың отбасы да Солтүстік Қазақстан облысына көшіп барады. Сарыағаш, 2 шілде 2016 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Айдар Назарбаевтың тұңғышы - 4 жастағы Әлихан сүйікті ойыншығын отбасы жүгін тиеп жатқан көлікке қарай әкеле жатыр.
7/11 Айдар Назарбаевтың тұңғышы - 4 жастағы Әлихан сүйікті ойыншығын отбасы жүгін тиеп жатқан көлікке қарай әкеле жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Сарыағаш ауданынан Солтүстік Қазақстан облысына көшіп бара жатқан 30 отбасының жүгін жеткізіп беруді жергілікті кәсіпкерлермен келісім бойынша билік ұйымдастырып отыр. Келісім бойынша, қоныс аударғандарға жаңа мекенде квота қаржысы берілген соң олар көш ақысын төлейді.
8/11 Сарыағаш ауданынан Солтүстік Қазақстан облысына көшіп бара жатқан 30 отбасының жүгін жеткізіп беруді жергілікті кәсіпкерлермен келісім бойынша билік ұйымдастырып отыр. Келісім бойынша, қоныс аударғандарға жаңа мекенде квота қаржысы берілген соң олар көш ақысын төлейді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Солтүстікке қоныс аударып бара жатқан Шолпан Өмірбаеваның дүниеге келгеніне 4 ай болған жас баласы бар. Шолпанның күйеуі Ғалымжан Тәжиев жаңа жерде өзіне отбасын асырайтын жұмыс табылады деген үмітпен көшіп бара жатқандарын айтады.
9/11 Солтүстікке қоныс аударып бара жатқан Шолпан Өмірбаеваның дүниеге келгеніне 4 ай болған жас баласы бар. Шолпанның күйеуі Ғалымжан Тәжиев жаңа жерде өзіне отбасын асырайтын жұмыс табылады деген үмітпен көшіп бара жатқандарын айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Көшіп бара жатқан балаларын жолға шығарып саларда немересін қимай тұрған ер адам.
10/11 Көшіп бара жатқан балаларын жолға шығарып саларда немересін қимай тұрған ер адам.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Жүктерін арнайы көлікке тиеген соң, қоныс аударушылар автобусқа отырып жатыр. Жолаушылар Сарыағаш қаласынан Солтүстік Қазақстан облысы орталығы Петропавл қаласына дейін шамамен 30 сағаттан астам уақыт жол жүреді. Сарыағаш, 2 шілде 2016 жыл.
11/11 Жүктерін арнайы көлікке тиеген соң, қоныс аударушылар автобусқа отырып жатыр. Жолаушылар Сарыағаш қаласынан Солтүстік Қазақстан облысы орталығы Петропавл қаласына дейін шамамен 30 сағаттан астам уақыт жол жүреді. Сарыағаш, 2 шілде 2016 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG