Accessibility links

Солтүстікке Сарыағаштан шыққан көш

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді. Сарыағаш, ОҚО, 2 шілде 2016 жыл.
Түгел оқыңыз

53 жастағы Айбөбі Дүйсенбі (сол жақта) Сарыағаштан Солтүстік Қазақстан облысының Шоқан Уәлиханов ауданына ұлы мен келіні және екі немересімен бірге көшіп барады. Сарыағаш, 2 шілде 2016 жыл.
1

Айбөбінің дәнекерлеруші мамандығы бар ұлы осының алдында Шоқан Уәлиханов ауданының Алқатерек ауылына барып, жағдайымен танысып қайтқан. Жергілікті әкімдіктің жұмыс пен баспана табуға жәрдемдесетіні туралы уәдесін алған соң, үй-іші ақылдаса келе Солтүстік Қазақстанға көшуді ұйғарған.
2

Айбөбінің келіні Айманның арнайы орта білімі бар, мамандығы - тәрибеші, бірақ Сарыағаш ауданында оған жұмыс табылмады.
3

Айбөбінің үлкен немересі өздері соңғы 5 жыл тұрған үйдің есігін жауып жатыр. Пәтер жалдауға қаржысы жоқ отбасы Айбөбінің інісінің осы шағын үйінде оның бала-шағасымен бірге тұрып келген еді.
4

Тағы

XS
SM
MD
LG