28 панфиловшы паркіне бірнеше мың адам жиналды. 9 мамырда советтің және Ресейдің атрибутикасын қолдану бойынша қызу пікірталас көп болғанымен, Жеңіс күнін тойлап жатқандар арасында қара-сары жолақты «Георгий лентасын» тағып жүргендер көп болды.
1-2 мамырда Украинаның Мариуполь қаласынан бейбіт тұрғындар эвакуациялана бастады. 1 мамырда "Азовсталь" зауытының ішінен жүзге жуық адам шығарылды. Бұдан бөлек, қаланың өзінен де біраз адам эвакуацияланып жатыр.
Украинаның шығысында, Донбасс аймағында ауыр шайқас жалғасып жатыр. Украинаға басып кірген Ресей Киев маңында сәтсіздікке ұшыраған соң Донбассқа бет бұрған. Кремль Украинаның шығысындағы шайқасын "екінші фаза" дейді.
Ақ үй Украинаға құны 800 млн доллар болатын әскери көмек көрсететінін жариялады. АҚШ бұл жолы Киевке мынандай әскери техникалар мен қару-жарақтар бермек.
Жалпы ұзындығы 781 шақырым болатын "Талдықорған - Қалбатау - Өскемен" автокөлік жолының 313 шақырымы Алматы облысына қарайды. Жоба бойынша, құны 105,3 млрд теңгеге бағаланған жөндеу жұмысы 2022 жылғы сәуірде аяқталып, жол пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ жолдың көп бөлігі әлі жөнделіп бітпеген.
4 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт тұрғындары қырылған Буча қаласына барды. Донбасс аймағынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр.
24 наурызда Украина әскері Киев облысы Барышев ауданы Лукьяновка ауылын Ресей әскерінен азат етті.
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір аптадан асып кетті. Осы уақытта Ресей әскери Украинаға жүздеген ракета мен артиллерия, бомба атты. Киев, Харьков, Чернигов, Одесса, Мариуполь, Сум сынды қалалар көп зардап шекті.
Тағы