Иран мен көрші елдерде АҚШ пен Израильдің әуе шабуылынан Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқанына байланысты наразылықтар өршіп жатқан шақта, шетелдегі ирандықтар оның өлімі туралы жаңалыққа шаттанып, қуанды.
Хаменеидің қазасынан кейінгі қайғы мен қуаныш
1
Израиль мен АҚШ күштерінің әуе шабуылынан қаза тапқан Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеиді жоқтап, Тегерандағы Әнгелаб алаңында жылап тұрған әйелдер. 2026 жылғы 1 наурыз.
2
Жапонияда тұратын ирандықтар Хаменеидің өлгенін естігеннен кейін Токиодағы Иран елшілігі алдында АҚШ туы мен Иранның 1979 жылғы ислам революциясына дейінгі, ортасында күн мен арыстан бейнеленген ұлттық туын көтеріп, шаттанып тұр. 2026 жылғы 1 наурыз.
3
Ирактағы шиит қарулы топтарын жақтаушылар Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін Бағдадтағы "Жасыл аймақтың" кіреберісіне жиналып, наразылық білдіріп тұр. Reuters мәліметінше, Ирак полициясы жүздеген демонстрантты тарату үшін жас ағызатын газ шашып, жарқылдап‑тарсылдайтын арнайы құралдар қолданған. Ирак, 2026 жылғы 1 наурыз.
4
Австралиядағы иран диаспорасы өкілдері Иранның жоғарғы билеушісі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқаны туралы жаңалықтан кейін қуанып жатыр, Сидней, 2026 жылғы 1 наурыз.
5
Кашмир аймағындағы Сринагар қаласында наразылық шеруіне шыққан шиит әйелдер АҚШ пен Израильге қарсы ұрандар айқайлап келе жатыр. Үндістан, 2026 жылғы 1 наурыз.
6
Америкадағы иран қауымдастығы өкілдері АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің көзі жойылғанын хабарлағаннан кейін қуанып, бір-бірін құшақтап жатыр. Суретте: Садаф Ебрахими, Шырын Нариман және Мехран Ебрахими. Вирджиния штаты, АҚШ.
7
Иран астанасында аятолла Хаменеиді жоқтап жылап тұрған ер адамдар.
8
Лос-Анджелестегі мерекелік шара кезінде Иранның 1979 жылғы ислам революциясына дейінгі туын ұстап тұрған әйел. АҚШ, 2026 жылғы 28 ақпан.
9
Тегеранда аятолла Әли Хаменеиді аза тұтып жиналған адамдар. 2026 жылғы 1 наурыз.
10
Аятолла ли Хаменеи қаза тапқаннан кейінгі митинг кезінде қуаныштан жылап тұрған Иран қауымдастығы өкілі. Сидней, Австралия, 2026 жылғы 1 наурыз.