Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің бұрынғы діни қызметшісі, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптаған Иаков Воронцов Алматы облысындағы психиатриялық ауруханадан қайтадан тергеу абақтысына ауыстырылғанын Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы хабарлады.
Астанада кезектен тыс 3-сиезін өткізген "Әділет" партиясы Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде 186 адам енген тізімді бекітіп, сайлауалды бағдарламасын қабылдады. Тізімде ел президентінің жиені де, бұрынғы билік партиясына мүше болғандар да жүр.
Бокстан әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов әйелін аяусыз сабаған деп айыпталып отыр. Жәбірленушінің туыстары күйеуі зайыбына қоқан-лоқы көрсетуді жалғастырды десе, боксшы әйелінен қорғану үшін күш жұмсауға мәжбүр болғанын айтады. Полиция бұл отбасылық жанжал бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Алматыда Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың соты басталды. Желтоқсанның басынан бері үйқамақта отырған журналист өзіне қарсы қозғалған істі "ойдан құрастырылған" деп атады. Ол өзінің адвокатын мемлекет істен шеттеткеннен кейін оны қорғауға басқа заңгерлер келіспегенін айтты.
1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституция президентке жаңа өкілет береді. 1995 жылы Конституция қабылданғанда алынып тасталған вице-президент қызметі оралмақ. Партиялық тізіммен сайланатын бір палаталы Құрылтай жасақталып, консультативті орган – Халық кеңесі құрылады.
30 маусымда Қазақстан парламенті қос палатасының соңғы бірлескен отырысы өтті. Отыз жыл жоғарғы заң шығарушы билік органы болған құрылымның ақырғы жиынында сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға сай құрылатын саяси институттар жаңа модель бойынша жұмыс істейтінін мәлімдеді.
30 жыл бойы мемлекеттік биліктің заң шығарушы тармағы ретінде жұмыс істеп келген парламенттің жоғарғы палатасы 29 маусымда соңғы рет жалпы отырысын өткізді. Ел тарихында ол қандай роль атқарды, несімен есте қалды? Бұл жайында сенаттың қазіргі және бұрынғы мүшелерінің пікірін сұрадық.
Тағы