Астанада саяси белсенді Нарымбаев 2,5 жылға сотталды. Айыбы не?
Астана соты саяси белсенді Ермек Нарымбаевты "сот шешімін орындамады" деген айыппен екі жарым жылға қамау және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына үш жарым жылға тыйым салу туралы үкім шығарды. 56 жастағы Нарымбаев тағылған айыпты мойындамайды, қорғаушылары "бұл саяси астары бар іс" дейді.