Accessibility links

Шымкенттік белсенділерге митинг өткізуге тағы рұқсат бермеді 


Қазақстандағы жер сатуға наразылық танытушылар. Көрнекі сурет.

Қазақстандағы жер сатуға наразылық танытушылар. Көрнекі сурет.

Шымкент әкімдігі қалалық белсенділердің жерді сату жəне жалға беруге қарсылық таныту мақсатында 6 шілдеде митинг өткізуге өтініштерін қабылдамай тастады. Бұл туралы Азаттықтта белсенді Ибраһим Əлсерке мәлімдеді.

Ибраһим Əлсеркенің айтуынша, 1 шілде күні бірнеше қоғам белсендісі жерді сату жəне 25 жылға жалға беруге қарсылық таныту үшін Абай саябағының Даңқ мемориалының алаңында митинг өткізуге рұқсат сұрап қалалық әкімдікке өтініш берген.

- Əкімдік митинг өткізуге өтінішті 10 күн бұрын тастамадыңдар,- деп рұқсат бермей қойды. Əр сенбі күні жер комиссиясының отырысын көріп, тыңдап отырмыз. Бірі өкіметтің сөзін, екіншісі - халықтың сөзін сөйлеуде. Биликтің сөзін сөйлеушілердің саны көп болғандықтан басым түсуде. Біз олардың шешімдеріне қанағаттанбаймыз, - дейді белсенді.

Оның сөзінше, əкімдік рұқсат бермесе де белсенділер митинг өткізбек.

Шымкент қаласы əкімдігі осыған дейін белсенділеріне жерді сату жəне жалға беруге қарсылық ретінде 21 мамырда митинг өткізуге рұқсат бермеген еді.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG