Accessibility links

Португалия екінші рет Еуро финалына шықты


Португалия құрамасы финалға шыққан сәт. 6 шілде 2016 жыл.

Португалия құрамасы финалға шыққан сәт. 6 шілде 2016 жыл.

Футболдан Португалия құрамасы Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалына шықты.

Жартылай финалда Португалия Уэльс құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Голды Роналду мен Нани салды.

Екінші финалист Франция мен Германия арасындағы матчта анықталады. Бұл ойын 7 шілдеден 8 шілдеге ауған түні сағат 01.00-де басталады.

Португалия осымен екінші рет Еуропа біріншілігінің финалына шығып отыр. 2004 жылы бұл елдің құрамасы финалда Грекиядан 0:1 есебімен жеңіліп қалған.

XS
SM
MD
LG