Accessibility links

Алматыда адам саудасы құрбандары құқығын қорғауды талқылап жатыр


 Адам саудасы құрбандарының құқығын қорғау жөніндегі семинар. Алматы, 21 шілде 2016 жыл.

Адам саудасы құрбандарының құқығын қорғау жөніндегі семинар. Алматы, 21 шілде 2016 жыл.

Алматыда адам саудасы құрбандарының құқығын қорғау мәселелеріне арналған семинар басталды. "Адам саудасынан зардап шеккендердің құқығын қорғау" деп аталатын семинарға Қазақстан ішкі істер министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдардың, облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысып жатыр.

Семинарда бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті келтірген мәліметі бойынша, елде алғашқы жарты жылда полиция адам саудасымен байланысты 318 қылмыстық істі тергеген. Олардың 106-сы сотқа жіберіліп, 25-і жабылған.

Семинарға қатысушылар адам саудасы туралы тіркелген істердің көпшілігі сотқа жетпейді. Статистикалық мәліметтерде 2016 жылдың алғашқы алты айында өндірісте жатқан "кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бабы бойынша 13 істің 11-і тіркелген. Олардың біреуі сотқа жіберілген. "Адам саудасы" туралы 44 істің 22-сі сотқа жіберілген.

"Халықаралық құқықтық бастама"" үкіметтік емес ұйымының президенті Айна Шорманбаева Қазақстанда адамды негізінен жыныстық қызмет көрсету және құлдыққа салу үшін саудалайтынын, құқық қорғаушылар балаларды сату фактілеріне алаңдайтынын айтады.

Екі күнге созылатын семинарды "Дағдарыс орталықтарының одағы" АҚШ-тың Қазақстандағы елшілінің есірткімен және заңдылықты сақтаумен халықаралық күрес бөлімі үкіметтік емес ұйымдарды тартып ұйымдастырған.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG