Accessibility links

Бразилияда ИМ-нің күдікті мүшелері ұсталды


Рио-де-Жанейрода олимпиада паркін күзетіп тұрған қауіпсіздік қызметкері. Бразилия, 21 шілде 2016 жыл..

Рио-де-Жанейрода олимпиада паркін күзетіп тұрған қауіпсіздік қызметкері. Бразилия, 21 шілде 2016 жыл..

Бразилия полициясы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қатысы бар және Рио-де-Жанейрода 5 тамызда басталатын олимпиада ойындары кезінде шабуыл жасауды жоспарлады деген күдікпен он адамды ұстады. Бразилия әділет министрі Алехандр де Морестің сөзінше, тағы екі адам іздестіріліп жатыр.

Болжам бойынша, ұсталғандар олимпиада кезінде шабуыл жасау үшін қар умен партизандық әдістердің қолдануды талқылаған. Министр күдіктілер Бразилия азаматтары екенін және олардың "ұйымдаспаған, әуесқой" екенін айтады. Күдіктілер Бразилияның түрлі аймағында тұрған және бір-бірімен WhatsApp және Telegram хат-хабар алмасу желілері арқылы байланысып отырған.

Ұсталғандардың кейбірі ИМ-ге адалдығы туралы ант бергеніне қарамастан билік олардың бұл ұйыммен байланысы барына ерекше назар аудармайды.

Бразилия үкіметі олимпиада ойындары кезінде қауіпсіздік сақтауға барынша тырысып жатыр. Жарыс кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалауға 85 мың полицей мен әскер тарту жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG