Accessibility links

IWF: Өтешовтің Лондондағы допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті


Ауыр атлет Алмас Өтешов.
Ауыр атлет Алмас Өтешов.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешовтің Лондон олимпиадасында алынғна допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.

IWF мәліметінше, Лондон олимпиадасында жетінші орын алған Өтешовтің сынамасынан анаболикалық стероидтар, оның ішінде дегидрохлорметилтестостерон мен станазолол табылған. Бұған дейін Өтешовтің 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем біріншілігіндегі допинг сынамасынан да осындай препараттар табылғаны хабарланып, атлет жарыстан шеттетілген. Өтешов Хьюстонда күміс медаль иеленген.

IWF жариялаған допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті делінген спортшылар арасында Өтешовтен өзге Ресей, Молдова, Түркия, Армения, Грузияның барлығы 10 ауыр атлеті бар.

Осыған дейін IWF қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Пекин мен Лондон олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген. Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген. Бұл төрт атлет қазір жарыстарға қатысудан уақытша, оның ішінде Рио Олимпиадасына қатысудан шеттетілген.

XS
SM
MD
LG