Accessibility links

АҚШ Ливияда ИМ шептеріне соққы жасады


Сирттағы электр станциясы үстіне тігілді делінген ИМ туы, Ливия.
Сирттағы электр станциясы үстіне тігілді делінген ИМ туы, Ливия.

АҚШ әскери-әуе күштері Ливия территориясында осы ел билігінің сұрауы бойынша "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының шептеріне әуеден соққы берді. Пентагонның 1 тамызда мәлімдеуінше, соққы Ливияның солтүстігіндегі елдің бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің туған қаласы Сирт портындағы нысандарға бағытталған.

АҚШ қорғаныс министрлігі өкілі Питер Куктың хабарлауынша, шабуылды президент Барак Обама Ливиядан өтініш түскен соң және әскери кеңесшілердің ұсынысы бойынша ұйымдастырған. Ол сонымен бірге Триполи мен Бенгази арасында орналасқан Сирттегі операция жалғасып жатқанын айтады. Сиртте 80 мыңға жуық халық тұрады.

2011 жылы Каддафиді өлтіріп, оның билігі құлатылған соң Ливияның біраз бөлігінде бей-берекетсіздік орнаған. Елді басқару құқығына екі үкімет таласып келеді. Арасында ИМ бар, бірнеше қарулы топ мұнай кеніштеріне бақылау жасау үшін соғысып жүр.

XS
SM
MD
LG