Accessibility links

Отар полигонында жараланған Ангола сарбазы қайтыс болды


Минометтен оқ ату (Көрнекі сурет).

Минометтен оқ ату (Көрнекі сурет).

Қазақстан қорғаныс министрлігі өткен аптада Жамбыл облысындағы жаттығу полигонында халықаралық армия ойындарына дайындық кезіндегі төтенше оқиғадан жараланған Ангола командасы сарбаздарының бірі қайтыс болғанын хабарлады.

"Келіп түскен мәліметтер бойынша, Халықаралық армия ойындары-2016 жарысына қатысып жатқан Ангола қарулы күштерінің әскери қызметкері Францишко Джордж көз жұмды" делінген минитсрлік таратқан ақпаратта.

27 шілдеде Ангола командасының жаттығуы кезінде калибрі 120 миллиметрлік минометтен атылған снаряд жарылған. Жарылыстан Ангола құрамасының тоғыз сарбазы мен Қытайдың бір сарбазы жараланғаны хабарланған.

Министрліктің мәлімдеуінше, снарядтың жарылуына Ангола әскерилерінің қауіпсіздік талаптарын бұзуы, оның ішінде минометті екі рет оқтап жіберу себеп болған.

XS
SM
MD
LG