Accessibility links

Жезқазған түбінде тепловоз бен автобус соқтығысып 17 адам жараланды


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысында тепловоз бен жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан 17 адам зардап шекті деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Полицияның мәліметінше, автобус пен тепловоз 10 тамыз күні кешке Жезқазған қаласының маңындағы теміржолдың реттелмейтін өткелінде соқтығысқан. Құдияров жол-көлік оқиғасы салдарынан жараланған 17 адам ауруханаға жатқызылғанын айтады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты болған кезде автобуста "Қазақмыс" компаниясының жұмысшылары отырған. "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметі бұл туралы ақпаратты бүгін кешірек беретінін айтты.

XS
SM
MD
LG