Accessibility links

Сирияда автобус жарылып 15 адам қаза тапты


Сирияның Идлиб провинциясындағы босқындар лагері (Көрнекі сурет).

Сирияның Идлиб провинциясындағы босқындар лагері (Көрнекі сурет).

Сирияның Түркиямен шекаралас ауданында автобус жарылып, 15 адам қаза тапты, 25 адам жараланды. Жарылғыш құрылғыны жанкешті іске қосқаны хабарланып жатыр.

Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымының хабарлауынша, шабуыл 14 тамызда Сириядан Түркияға өтетін шекарадағы Атма өткелінде болған. SOHR мәліметінше, жарылыс болған кезде автобуста Сириядағы азаматтық соғысқа қатысып жатқан топтың жасақтары отырған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерде өртенген автобус пен жаралыларға көмектесіп жатқан дәрігерлер көрсетілген. Бірақ суреттердің растығы әзірге дәлелденген жоқ. CNN Turk телеарнасының хабарлауынша, жарылыс шекара өткеліне жақын сириялық Атма босқындар лагеріне кіреберісте болған.

Атма орналасқан Сирияның Идлиб провинциясы Түркия қолдайтын, президент Бараш Асад үкіметіне қарсы соғысып жатқан оппозициялық күштер бекінген аймақ саналады.

XS
SM
MD
LG