Accessibility links

Қытайда жүрген Назарбаев Өзбекстанға бармақ


Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бішкек, 13 қыркүйек 2013 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бішкек, 13 қыркүйек 2013 жыл.

Reuters агенттігі мәліметінше, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы сапарын 3 қыркүйекте доғарып, Өзбекстанға кетпек.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға G20 елдерінің саммитіне қатысу үшін 1 қыркүйек күні кешке барған.

"Жоспардың кенеттен өзгеруі Қазақстан билігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қайтыс болғанын қалай болғанда хабарлауына дайындалып жатқанын көрсетеді" деп хабарлады Қазақстан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған Reuters.

Азаттық Қазақстан президентінің баспасөз қызметінен бұл ақпараттың анығын білмек болғанымен, баспасөз қызметі телефонға жауап бермеді.

Бұған дейін Өзбекстан үкіметі Каримовтің 28 тамызда инсульт алып, ауруханаға түскенін хабарлаған.

Елдің министрлер кабинеті 2 қыркүйекте президент Ислам Каримовтің инсульт алғаннан кейінгі жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Онда Каримовтің 24 тамызда инсульт алып ауруханаға түскені, соңғы тәулікте оның жағдайы күрт нашарлап, хал үстінде жатқаны айтылады.

Каримовтың хал үстінде жатқаны хабарланды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

28 тамызда Ислам Каримовтің әлдебір сырқатпен ауруханаға түскені туралы хабарланғаннан бері оның денсаулығы туралы бірінші рет ресми түрде мәлімдеме таратылып отыр.

"Фергана" агенттігі 30 тамызда белгісіз дереккөзіне сілтеме жасап Ислам Каримовтің "қайтыс болғанын" хабарлаған. Бірақ басқа ақпарат құралдары, оның ішінде ресейлік агенттіктер Каримовтің әлі "тірі екенін" жазды.

Бұған дейін өзбек президентінің қызы Лола Каримова-Тилляева әкесінің "миына қан құйылып, аурухананың реанимация бөлімінде жатқанын" және сырқатынан айығуы мүмкін екенін Instagram-парағында жазған.

31 тамызда тәуелсіздік күніне орай Ташкенттегі Тәуелсіздік және гуманизм ескерткішіне гүл қою салтанатына президент Ислам Каримовтің орнына елдің премьер-министрі Шавкат Мирзяев қатысқан.

XS
SM
MD
LG