Accessibility links

АҚШ пен Ресей дипломаттары Сирия мәселесінде келісе алмады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Америкалық және ресейлік дипломаттар Сириядағы іс-қимылды үйлестіру мәселесінде келісе алмады. АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары шенді өкілі 5 қыркүйекте Қытайда G20 саммиті аясында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың арасында болған келіссөз нәтижесіз аяқталғанын хабарлады.

Керри мен Лавров соңғы апталарда Сириядағы "Ислам мемлекеті" және басқа да экстремистік ұйымдармен күресте тараптардың өзара іс-қимылы туралы бірнеше рет келіссөз өткізген.

Ресей мен АҚШ келіссөзінде Сирияның қоршаудағы аудандарына гуманитарлық жүк жеткізу, Сирия үкіметі әскерінің АҚШ қолдайтын көтерілісшілер бақылауындағы аудандарды бомбалауын тоқтату жолдары қарастырылып жатыр.

XS
SM
MD
LG