Accessibility links

Интерпол ТИҚП жетекшісіне іздеу жариялады


Интерпол сайтындағы ТИҚП жетекшісі Мухиддин Кабириге іздеу жарияланғаны туралы ақпараттан скриншот.
Интерпол сайтындағы ТИҚП жетекшісі Мухиддин Кабириге іздеу жарияланғаны туралы ақпараттан скриншот.

Интерпол тыйым салынған Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясының (ТИҚП) жетекшісі Мухиддин Кабириге іздеу жариялады.

Интерполдың ресми сайтында Кабиридің екі суреті мен ол туралы мәліметтер жарияланған. Ақпаратта Кабириді Тәжікстанның ресми органдары іздеп жатқаны және оны іздеуге өтініш берген орган ТИҚП басшысын терроризм, қылмыстық топ құру және алаяқтық жасау баптары бойынша айыптайтыны айтылған.

ТИҚП жетекшісінің Интерпол тізіміне ілінгені туралы шілдеде хабарланған.

Тәжік билігі 2015 жылы қыркүйекте болған қарулы бүлік жауапкершілігін ТИҚП-қа артып, партияны мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін қаржыландырды деп айыптайды.

Кабири өткен жылы ТИҚП парламент сайлауында екі орыннан айырылып қалған соң шетелге кетіп қалған. Ол жақтастары қамалған 2015 жылдың қыркүйегіне дейін Түркияда болған.

Биыл маусымда Тәжікстан жоғарғы соты Кабиридің екі орынбасарын өмір бойы түрмеге жауып, партияның өзге он шақты белсендісін екі жылдан 23 жылға дейін соттаған. Кабири мен ТИҚП-тың өзге басшылары бүлікке қатысы барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG