Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньян сынағына қатысты шұғыл жиын өткізеді


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (оң жақта) әскерилер арасында

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (оң жақта) әскерилер арасында

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасауына байланысты бүгін шұғыл жиын өткізеді. Жиын өткізуді Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония басшылары ұймдастырды.

АҚШ президенті Барак Обама ядролық сынаққа қарсы "салмақты шаралар" жасауға уәде етті. Ол АҚШ-тың Жапония мен Оңтүстік Кореяны солтүстік кореялық көршілерінен қорғауда қолдан келгенді жасауға дайын екенін мәлімдеді. Пхеньянның әрекетін Жапония мен Қытай да айыптады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Солтүстік Корея сынағын "алаңдататын және қайғылы оқиға" деп атады.

Жұмаға қараған түні Солтүстік Кореяның кезекті бесінші рет ядролық сынақ жасағаны мәлім болды. Кейінірек Пхеньян баллистикалық зымырандарын ядролық оқтұмсықтармен жарақтандыруға қауқарлы екенін мәлімдеді. Пхеньян ядролық бағдарламасын дамытуды жалғастыра беретінін айтады.

XS
SM
MD
LG