Accessibility links

Солтүстік Қазақстанда газ қымбаттады


Солтүстік Қазақстанда газ қымбаттай бастады. Петропавл, 14 қыркүйек 2016 жыл.

Солтүстік Қазақстанда газ қымбаттай бастады. Петропавл, 14 қыркүйек 2016 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында газ қымбаттай бастады. Бұған дейін көлікке құятын газдың 1 литрі 51 теңге болса, қазір ол 75 теңгеге өскен. Баллонмен сатылатын тұрмыстық газдың бағасы да 7-8 теңгеге өсіп, литрі 87-88 теңгеден сатылып жатыр.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Арман Өтегенов газ бағасын бақылай алмайтындарын айтады.

"Облыста сегіз субъект автогазбен айналысады. Біз осы айда үш субъектіге бағаны бекіттік. Бұл баға - 1 литрге 58 теңге. Басқа бес субъект реестрге кірмейді, сондықтан олардың баға саясаты еркін" дейді ол.

Жергілікті билік Қазақстандағы үш газ өңдеу зауытының екеуі жөндеуге жабылып, сол себепті газ бағасы көтерілгенін мәлімдеді. Аймақтағы газ құю станцияларында өнім тапшы бола бастаған.

XS
SM
MD
LG