Accessibility links

Ақтөбеде «Батыс жұлдызы» асыл тұқымды иттер көрмесі өтті


«Батыс жұлдызы» асыл тұқымды иттер көрмесіне қатысушылар. Ақтөбе, 18 қыркүйек 2016 жыл.
«Батыс жұлдызы» асыл тұқымды иттер көрмесіне қатысушылар. Ақтөбе, 18 қыркүйек 2016 жыл.

Ақтөбедегі «Авиатор» саябағында бүгін асыл тұқымды иттер көрмесі өтті. «Батыс жұлдызы» көрмесіне Қазақстан мен Ресей қалаларынан барлығы 96 үй жануары қатысты. Көрмеге әкелінген иттерді Украинадан келген халықаралық деңгейдегі сарапшы Виталий Хижняк бағалады.

– Бүгінгі көрмеге қатысқан қаны таза тибет мастифтерін кез-келген жерге ұялмай апаруға болады. Ақтөбеде мұндай 4 ит бар екен. Неміс овчаркасының да сирек кездесетін бірнеше түрін көрдім, - деді Виталий Хижняк Азаттыққа.

Жергілікті кинологтар клубы ұйымдастырған көрмеге келушілер Ақтөбе аймағы үшін таңсық ит тұқымдары - той-фокстерьер, бигл, шотланд терьерін тамашалады.

«Батыс жұлдызы» - ақтөбелік кинологтар клубы жыл сайын өткізіп тұратын ит көрмесі. Сонымен бірге Ақтөбеде қазақы тазы өсірушілер клубы да жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG