Accessibility links

БАҚ: Нью-Йорктегі жарылысқа байланысты 5 адам ұсталды


Нью-Йорктегі жарылыс болған аймақ.

Нью-Йорктегі жарылыс болған аймақ.

Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Нью-Йоркттің Манхэттан ауданында болған жарылысқа қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталған. Олардың барлығы қамауда отыр.

17 қыркүйекте Нью-Йоркте болған жарылыстан 26 адам жарақат алған. Дәрігерлер олардың біреуі айтарлықтай жараланғанын, ал қалғандарының өміріне қауіп жоғын айтады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, жарылғыш зат қоқыс салатын жәшікте болған. Оқиға куәгерлері қатты жарылыстан соң үрейленген адамдардың ол жерден қашқандарын айтады.

Осы оқиғаның алдында Нью-Джерси штатындағы Сисайд-Парк қаласында қолдан жасалған бомба жарылғаны туралы ақпарат тараған. Ол жарылыстан ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG