Accessibility links

Қазақстан волейболшылары Азия кубогында күміс алды


Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншылары (Сурет Қазақстан волейбол федерациясының ресми сайтынан алынды).

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншылары (Сурет Қазақстан волейбол федерациясының ресми сайтынан алынды).

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамда өткен Азия кубогының финалында Қытайдан жеңіліп қалды - 19:25, 19:25, 13:25. Финал 20 қыркүйек кешкісін Ханойда өтті.

Қола медальды Жапониядан басым түскен Таиланд құрамасы иеленді. Қазақстан ширек финалда Вьетнамды, жартылай финалда Жапонияны жеңген.

Азия кубогы 2008 жылдан бері әр екі жыл сайын өткізіліп келеді. Қытай құрамасы бұл турнирде төртінші рет жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы 2012 және 2014 жылдары қола медаль иеленген.

Келесі Азия кубогы 2018 жылы өтеді. Қабылдайтын ел әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG