Accessibility links

АҚШ гуманитарлық көмекке жасалған шабуылға Ресейді айыптады


Гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері.

Гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері.

Ақ үй Сириядағы гуманитарлық көмек тиелген көліктерге жасалған шабуылға Ресейді айыптады.

Президенттің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Бен Родес "бұл шабуылға Сириядағы режим не Ресей кінәлі. АҚШ қандай жағдай болмасын әуе шабуылына Ресейді кінәлайды" деді.

БҰҰ өкілдері 19 қыркүйекте гуманитарлық көмек тиелген автокөліктерге жасалған әуе шабуылына 12 адам мерт болып, ондаған адам жарақаттанғанын хабарлаған. Жүк тиелген 31 машинаның 18-і зақымданған.

XS
SM
MD
LG