Accessibility links

"Война" арт-тобының белсенділері босатылды


"Война" тобының мүшелері Прагадағы көпірлердің біріне ілген Воротниковтың суреті.
"Война" тобының мүшелері Прагадағы көпірлердің біріне ілген Воротниковтың суреті.

Прагада (Чехия) ұсталған "Война" арт-тобының мүшелері Олег Воротников пен оның әйелі Наталья Сокол сот шешімімен қамаудан босатылды. Бұл туралы Азаттықтың орыс қызметі хабарлады.

Прага соты Воротников пен Соколда қажетті құжаттары болмағандықтан елден депортациялау мәселесі бойынша іс ашқан. Сот белсенділерді істі қарау кезінде бостандықта жүруге рұқсат берген.

18 қыркүйекте "Война" арт-тобының мүшелері Олег Воротников пен оның әйелі Наталья Сокол Прагада ұсталған. Воротников пен Соколды ұстау кезінде полиция олардың кіші қыздарын алып кеткен.

Воротников пен Сокол Ресейдегі бірнеше саяси қарсылық шараларға қатысқан. Ресейде 2011 жылы Воротников пен Соколға іздеу жарияланған кезде олар Еуропа кетіп қалған.

XS
SM
MD
LG