Accessibility links

Коррупцияға қарсы іс-қимыл қызметіне жаңа басшы тағайындалды


Үкімет үйі (Көрнекі сурет).

Үкімет үйі (Көрнекі сурет).

Қазақстанның коррупцияға қарсы ісө-қимыл қызметіне жаңа басшы болып Талғат Татубаев тағайындалды. Татубаев бұған дейін қаңтардан бері коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары болған.

40 жастағы Татубаев бұрын дейін президент әкімшілігінде қызмет істеген, мемлекеттік қызмет істері және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеу департаментін басқарған.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің жаңа тағайындаулар туралы хабарламасына қарағанда, президенттің жарлығымен Мұрат Бектанов Қазақстан құрлықтағы әскерінің бас қолбасшысы болып Мұрат Бектанов, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып Ғалым Ахмедьяров тағайындалған.

XS
SM
MD
LG