Accessibility links

Алексей Луценко «Алматы туры» веложарысының үш дүркін жеңімпазы атанды


«Алматы туры» халықаралық жарысының үш мәрте жеңімпазы, қазақстандық спортшы Алексей Луценко.
«Алматы туры» халықаралық жарысының үш мәрте жеңімпазы, қазақстандық спортшы Алексей Луценко.

«Астана» кәсіби велокомандасының мүшесі, қазақстандық спортшы Алексей Луценко осымен үшінші жыл қатарынан «Алматы туры» халықаралық жарысын ұтты. 186 шақырымдық жарыс жолын ол 4 сағат 23 минут 55 секундте өтті.

Unieuro Wilier командасынан италиялық Мауро Финето екінші орынды иеленді.

Ресейлік «Газпром - РусВело» командасының өкілі Роман Майкин үшінші мәреге үшінші боп жетті.

Төртінші халықаралық «Алматы туры» велобәйгесіне биыл Еуропа мен Азияның 14 командасы қатысты, оның үшеуі қазақстандық командалар.

XS
SM
MD
LG